Қарағандыда жарылыс туралы жалған ақпарат таратушы ұсталды

11 Тамыз 2019, 17:12
1503
Бөлісу:
Қарағандыда жарылыс туралы жалған ақпарат таратушы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теракт бойынша жалған ақпарат таратқан 39-жастағы Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз-қызметі.


11-ші тамыз күні сағат 12.13 шамасында 102 телефонына белгісіз азамат хабарласып, қаладағы «City mall» сауда үйін жарып жіберемін деп қорқытқан. Облыстық Полиция департаментінің жедел кезекшісімен оқиға орынына барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен оқиға орыны қоршауға алынып, ғимараттан 240 адам сыртқа шығарылды. Бір сағат өткеннен кейін, белгісіз азамат 102 телефонына қайта қоңырау шалып, облыстық әкімдіктің ғимаратына жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлады.

"Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін сутпай аталған іске қатысы бар деген күдікпен 39-жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталып одан қоңырау шалған телефон тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен екі ғимаратта тексеріліп, жарылғыш зат анықталған жоқ. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тергеу жүргізілуде", - делінген таратылған ақпаратта.
     

Өзгелердің жаңалығы