Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 149 сайлау учаскесінде өтіп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауында барлық карантин талаптарына сақталуда. Сайлау комиссиясы мүшелерінің барлығы вакцинацияланған, ал бақылаушылар теріс ПТР тестті ұсынды. Бұл жайында облыстық санитариялық-эпидемияологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Облыстың бас санитары Юрий Залыгиннің айтуынша, сайлау учаскелеріне кіреберісте келушілердің температурасы өлшенеді. Эпидемиялогиялық жағдайға байланысты арақашықтық сақталу міндеттелген. Сайлаушылардың әрқайсысына жеке қалам беріледі. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы орын дайындалған.
Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру санитарлық нормалардың сақталуымен жүргізілуде. Участкелер карантин талаптарына сай жабдықталған. Сайлау комиссиясының мүшелері міндетті түрде бетперде, қолғап киіп, антисептик пайдаланулары қажет. Сайлау комиссиясы мүшелерінің барлығы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған. Ал бақылаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген өкілдері ПТР тесттің теріс нәтижесін ұсынған, - дейді бас санитар Ю. Залыгин.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы бүгін 75 ауылдың әкімі сайлануы тиіс. Оларға 80 мыңнан астам сайлаушы дауыс беретін болады. Сайлау учаскелері кешкі 20.00-гей дейін сайлаушылардың даусын қабылдайды.