Қарағанды, BAQ.КZ тілшісі. 7 маусым күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде қарағандылық неміс ұлтының суретшілері Виктор Арент, Ирина Пономарева мен Алексей Винтердің «Kreativitat» көрмесі ашылады.
Көрменің ұйымдастырушысы-атақты қарағандылық суретші-кескіндемеші және мүсінші Виктор Арент.
«Ол «Арт-алаң» қоғамдық қорының негізін қалаушы және жетекшісі болып табылады, оның басты міндеті – шығармашылық адамдарды біріктіру және жастарға шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруға көмек көрсету. «Kreativitat» көрмесі – «Арт-алаңдар» қоры ұйымдастыратын іс-шараларының бірі», - дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Назерке Жартын.
Ирина Пономареваның аты да қарағандылықтарға белгілі. Музейде суретшінің үш жеке көрмесі өткен. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы топтық көрмелерге белсене қатысады. Пономареваның жұмыстары біздің елімізде, сондай-ақ Ресей, Канада, Германия, Австрия елдеріндегі көрермендерге ұсынылған.
«Пейзаждарды жазуда мен үшін ең маңыздысы-композиция емес, түс. Мен жиі бейнелегім келеді деп ойламай, жұмыс жасаймын. Мен жай ғана бояумен май жағудың жаңа техникасын жасап, бөлшектер қосамын. Ал бейненің аздығы көрермендерге ойлауға, армандауға, қиялдауға және қиялын дамытуға мүмкіндік береді», - дейді суретші Ирина Пономарева.
Ал Қазақстанның Сәулетшілер одағының мүшесі Алексей Винтер Қарағандының бейнелеу өнеріндегі жаңа есім.
«Суретші өз жұмыстарындағы идеяны түстердің, сызықтардың және фигуралардың үйлесімі арқылы бере алады. Көрмеге белгілі авторлармен тең дәрежеде қатысу Алексей Винтерге оның шығармашылығына табынушылардың шеңберін кеңейтуге көмектеседі.
«Kreativitat» көрмесі 7-16 маусым аралығында өтеді. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының есігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық», - дейді мұражай қызметкері Назерке Жартын.