Қарағандыда компьютерлік клуб заңсыз жұмыс істеп келген

5 Ақпан 2021, 20:37
1981
Бөлісу:
Қарағандыда компьютерлік клуб заңсыз жұмыс істеп келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдағы компьютерлік клубтардың бірі карантиндік шектеулерге қарамастан, заңсыз жұмыс істеп келген. Кезекті рейд барысында мобильді топ ойынның қызығына берілген 15-ке жуық жасөспірімнің үстінен түсті, деп жазды Хабар 24.

Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Ал өңірдегі бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, мұндай көңіл көтеру орнының жұмысына тыйым салынған. Оның үстіне клубта жастар қорқор тартқан. Енді кәсіп иесі бұл әрекеті үшін жауап береді. Жалпы жыл басынан бері облыстағы 214 мониторингтік топ 12 мыңнан астам нысанға тексеріс жүргізіп, 573-не айыппұл салынған. 


Бізге шұғыл ақпарат түсті. Соның негізінде тексеріс жүргізіп, клубтың заңсыз жұмысын әшкереледік. Енді әкімшілік хаттама толтырылады. Клубтардың жұмысына тыйым салынған, - деді Қазыбек би ауданы санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Айнаш Төлешова.



Өзгелердің жаңалығы