Қарағандыда қоғамдық байқаушыларға арналған семинар өтті

22 Желтоқсан 2020, 15:27
1712
Бөлісу:
Қарағандыда қоғамдық байқаушыларға арналған семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына дайындық бойынша қоғамдық байқаушыларға арналған оқыту семинары өтті.

Оқытуда облыстық кәсіподақтар орталығы, Қарағанды облысы азаматтық альянсы, «Қазақстан азаматтары», «Жарқын болашақ» және т.б. ҮЕҰ өкілдері, сонымен қатар тәуелсіз байқаушылар қатысты. Байқаушылардың негізгі міндеті - сайлаудың әділдігі мен адалдығына ықпал ету. Олар үшін ашықтық, айқындық және объективті бағалау басты қағидатқа айналады.

Байқаушыларға сайлау құқығы, сайлау органдарының жүйесі мен құзыреті, дауыс беру күні сайлау комиссиясының қызметін ұйымдастыру, қоғамдық бірлестіктерден келген байқаушылардың өкілеттіктері,  құқықтары мен міндеттері, байқаушылардың жұмысының қағидаттары туралы, дауыс беру тәртібі мен оны ұйымдастыру, дауыс беруді өткізу, сайлау учаскесінде дауыстарды санау рәсімі және байқаушылардың қатысу және дауыстарды санауды бақылау құқығы, Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туралы түсіндірілді.

бақылау1.jpeg

Семинарға келген «Қазақстан азаматтары» ҚБ-нің директоры Дмитрий Полторенконың айтуынша,  сайлау - бұл әр азаматтың құрметті құқығы, әркім  өзінің дауысының маңызды екенін,  таңдау жасай алатындығын түсінуі керек. Ал, әрбір байқаушы тарапынан бірінші міндет - әрбір азаматтың конституциялық құқығын   барынша қолайлы жағдайларда қамтамасыз ету болуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы