Қарағандыда бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

21 Қыркүйек 2021, 21:07
6363
Бөлісу:
Қарағандыда бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыған дейін жоспарлағанымыздай 1 қыркүйектен бастап, барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің парақшасында осылай деп жазды.

Оның ішінде бастауыш сыныптардың 86 919 оқушысы және жалпы білім беру қоры есебінен қамтамасыз етілген 12 882 бала бар. Мұндай тәжірибе еліміздің бірқатар өңірлерінде әлі де енгізілмегендігін атап өткен орынды - деді әкім.

Мектептерде перспективалық маусымдық екі апталық мәзір жасалды.

Мәзірді әзірлеу кезінде білім беру ұйымдарында оқушылардың болу ұзақтығы және балалардың жас ерекшеліктері ескерілді. Балалар үшін ыстық тамақты ұйымдастыру олардың денсаулығына жасалып жатқан қамқорлық. Сондай-ақ мектептерде қамқоршылар кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігінің өкілдері мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен тамақтану сапасын мониторингілеу бойынша комиссиялар құрылды. Күнсайын дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізіледі. Өкінішке қарай кейбір мектептерде тамақтың сапасына байланысты ескертулер бар. Дегенмен бұл жағдайлар түзетіледі. Мектептегі түскі астың сапасы талапқа сай болуы керек - деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы