Қарағандыда ақпан айының соңында «Спутник V» вакцинасының алғашқы 90 мың дозасы шығарылады

9 Ақпан 2021, 14:07
2880
Бөлісу:
Қарағандыда ақпан айының соңында «Спутник V» вакцинасының алғашқы 90 мың дозасы шығарылады
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілетін коронавирустық инфекцияға қарсы «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы ақпан айының соңғы күндерінде дайын болмақ. Бастапқы 90 мың вакцина 27-28 ақпан күндері Денсаулық министрлігіне жіберілмек.

Қарағанды фармацевтика кешінінің базасында вакцинаны шығару ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Ресейлік Тікелей инвестиция қорының бірлескен комиссиясының қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарына сапары барысында қабылданған болатын. Сарапшылардың деректері бойынша Қарағанды фармацевтикалық кешені ресейлік субстанциядан дайын нысанды өндіруге анағұрлым дайын болып шықты. Ресей мамандары өткізген техникалық аудит өндірістік алаңның коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын түрін шығару үшін барлық талаптарға сәйкес келетінін растады.

больн4.jpeg


Вакцинаны тіркеуден өткізу осы ақпан айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Ал өнім 28 ақпанда шығарыла бастайды. Бұл жобаға қатысу біз үшін маңызды. Себебі аталған вакцинаның тиімділігі 90 пайыздан асып түседі, яғни ең тиімді вакциналардың бірі саналады. Біз қысқа мерзімде тасымалдау технологиясын, өнім өндіруге өндіріс орындарын дайындап, қызметкерлерді оқыттық. Аталған препаратты шығаруға толық дайын екендігімізді айтқымыз келеді. Ақпан айының соңында вакцинаның алғашқы көлемін береміз деген ойдамын, - дейді компанияның бас дирекоры Қайрат Боранбаев.
больн2.jpeg

Вакцина өндірілгеннен кейін екі рет бақылаудан өтеді. Оның алғашқысы ҚФК-нің зертханасында жасалса, екіншісі вакцина жасаушы Мәскеудегі Гамалея атындағы ғылыми-зерттеу институтының зертханасында жүзеге асырылады. Осындай қатаң бақылаудан өткеннен кейін вакцина ҚР Денсаулық министрлігіне жеткізіледі.

больн11.jpeg

Компанияның директоры Сергей Баронның сөзінше, кешенде шығарылатын вакцинаның ресейлік вакцинадан еш айырмашылығы жоқ. Препаратты өндіру технологиясы, өнім өндіретін құрал-жабдықтар, тіпті вакцина құйылатын құтылар да дәлме-дәл ресейдегідей болады.

больн6.jpeg

Пандемияны тоқтатудың жалғыз жолы ол халықты вакцинациялау екендігі белгілі. Қазіргі уақытта әлемнің барлық елдері халыққа екпе салуды тездетуге тырысып жатыр. Қазіргі кезде нарыққа шығарылып, халыққа егіліп жатқан ресейлік вакцина мен біздің кешенде өндірілетін болады. Біздің тарапымыздан вакцинаны тіркеуден өткізу үшін қажетті барлық құжаттарды ҚР Денсаулық министрлігіне жіберілді. Ал осы айдың соңына дейін препаратты жеткізуге дайын боламыз, - компания директоры Сергей Барон.
больн3.jpeg

Бүгінгі таңда Қарағанды фармацевтикалық кешені халықаралық GMP стандарттарына сай биотехнологиялық препараттарды өндіруге маманданған, барлық қажетті инфрақұрылымға ие, жетекші әлемдік өндірушілердің технологиялық және зертханалық жабдықтарымен жабдықталған Қазақстан Республикасындағы алғашқы және әзірге жалғыз фармацевтикалық кәсіпорын болып отыр. Ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру барысында ҚФК-і вакцина өндірісінің лицензиясына ие Ресейлік Тікелей Инвестиция Қорымен әріптестік орнатқан. Ресейден жеткізілетін шикізаттан Қарағанды фармацевтикалық кешенінің алаңында дайын вакцина шығарылады.

больн8.jpeg

Біздің міндетімізге препараттың жағымсыз әсеріне мониторинг жасау, шағым-талаптарға анализ жасау және емделушінің шағымдарын қадағалау жатады. Компания вакцинаның шығарылуына жауап береді. Ал, вакцинаның кімдерге салынатындығы, қай аймаққа қаншадан бөлінетіндігі сияқты мәселелерінің барлығы Денсаулық сақтау министрлігінің құзырында, - дейді Қ. Боранбаев.
больн7.jpeg

Оның айтуынша, COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны дайындайтын Қарағанды фармацевтикалық кешені Қазақстан халқы үшін жоғары басымдылыққа ие стратигиялық маңызды әлеуметтік жоба болып табылады. Вакцинаны өндіру кешен үшін пайдасы жоғары өндіріске жатпайды, себебі өнім өндіру тек өндіріс шығынын ғана жабады.

техник.jpeg


Вакцинаны шығарудың басты мақсат коммерциялық пайда емес, сондықтан да вакцинаны ерекше жағдайда өндіруге, яғни пайданы көздемей өндіру жайлы шешім шығарылды. Жоба мемлекетаралық келісімнің нәтижесі болып табылады және екі елдің үкіметімен, сондай-ақ ҚР Денсаулық министрлігімен қадағаланады. ҚР ДМ мен РТИҚ 2 млн ресейлік вакцинаны жеткізу бойынша меморандумға қол қойған. Келісімшарт бойынша қажетті вакцина көлемін 2021 жылдың маусым айына дейін өндіру жоспарланған, - дейді компанияның бас директоры.
больн.jpeg

Қарағанды фармацевтикалық кешені жаңа фармацевтикалық технологияларға сәйкес жеке инвестициялар үшін жабдықталған қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорны. Бүгінде мұнда онкология, гемофилия, гепатит, қант диабеті және басқалары сияқты әлеуметтік маңызы бар күрделі ауруларды емдеуге арналған заманауи препараттарды шығарылады.

больн1.jpeg

больн9.jpeg


 



Өзгелердің жаңалығы