Қарағандыда Абай ескерткіші ашылды

13 Қараша 2020, 14:50
2661
Бөлісу:
Қарағандыда Абай ескерткіші ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл еліміз ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтуде. Халқымыздың біртуар перзентінің шығармашылығы арқылы біз гуманизмді, адалдық пен еңбекқорлықты бойымызға сіңіріп келеміз. Ал оның қара сөздері арқылы рухани құндылықтарымызды қалыптастырудамыз, деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Абайдың шығармашылық мұрасына арналып ұйымдастырылған жүздеген іс-шара ұлы тұлғаның дарынын жаңа қырынан танытып келеді.
Облыс орталығының ең жайлы және көрікті көшелерінің біріне Абай есімі берілген. Бүгін Абай қаласында ұлтымыздың ұлы ұстазына арнап ескерткіш ашылды. Аталған шараға қоғам және мемлекет қайраткері Сауытбек Әбдірахманұлы, абайтанушы ғалым Ғарифолла Есімұлы, айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры Ерлан Ерназарұлы арнайы келді, - деп жазды Қасымбек.
кас7.jpg

Жобаның авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин.
Аталған мәдени нысанның ашылу салтанатына орай аудандық мәдениет үйінің алаңы мен қасбетін қайта құру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар ескерткіштің ашылу салтанатына орайластырылып жергілікті ақындарымыздың «Абай жаққан бір сәуле...» атты шығармалар жинағы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының әлемнің 18 тіліндегі дисктік жинағы шығарылды. Кітаптарды цифрлау Шахтинск қаласының орталық кітапханасымен бірлесіп жүргізілді. Облысымыздың барлық тұрғындарын осынау мәдени нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын, - деді облыс әкімі.

абай9.jpg


Өзгелердің жаңалығы