Қарағандыда 9 пәтерді тонаған күдікті ұсталды

21 Мамыр 2021, 23:35
2396
Бөлісу:
Қарағандыда 9 пәтерді тонаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында тоғыз пәтерді тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

25 сәуір күні Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші  белгісіз біреу бірінші қабатта орналасқан пәтерінен ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап әкеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлерімен күдікті жәбірленушінің үйіне пластикалық терезені бұзу арқылы кіргені анықталды.

19 мамыр күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Пәтер» жедел алдын алу іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, одан айғақ заттар тәркіленді. Алдын ала тергеу жұмыстары барысында ұсталған күдіктінің осыған ұқсас сегіз қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды, – деп хабарлады полиция баспасөз қызметі.
Күдіктінің жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі бір миллион 800 мың теңгені құраған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы