Қарағандылық шенеунік 500 адам шақырып, той жасаған

8 Тамыз 2021, 09:38
3488
Бөлісу:
Қарағандылық шенеунік 500 адам шақырып, той жасаған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Қарағандыда жоғары лауазымды шенеунік 500 адам шақырып, қыз ұзату тойын жасағаны туралы видеолар тарап кетті. 

«Қарағанды патриоттары» тelegram-каналында жарияланған видеодан мейрамхананың қызметтік кіреберісінің жанында көптеген автокөліктің жиналғанын көруге болады. Арна дереккөзінің хабарлауынша, үйлену тойын Қарағанды облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы ұйымдастырған.


Қарағанды қалалық әкімдігінде 500 адамға арналған той өткізген мейрамхананың жұмысы тоқтатылғанын, алайда бұл керемет тойды кім ұйымдастырғанын айтпаған.

Сондай-ақ Қарағанды әкімдігі Ариста мейрамханасының қызметін тоқтата тұруға уәде берді. Әлеуметтік желілерде үйлену туралы ақпарат жарияланғаннан кейін, мобильді топ оқиға орнына кеткені атап өтілді. Той тоқтатылған.

«Ариста» мейрамханасының иесіне қатысты объектінің қызметін тоқтата тұру бойынша шара қабылданатын болады. Бұл мәселе Қарағанды әкімінің және мониторингтік топтың жеке бақылауында, - деген әкімдікте.

Ал дүркіреген қыз ұзату тойын басқарма басшысы жасады ма, жоқ па нақты белгісіз. Ол туралы әкімдік растамаған да, жоққа да шығармаған.

Өзгелердің жаңалығы