Қарағанды облысының судьясы 9 жылға бас бостандығынан айырылды

11 Тамыз 2021, 14:00
2262
Бөлісу:
Қарағанды облысының судьясы 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады Antikor News.

2021 жылғы 10 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен Қарағанды облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.М. Ғабдуллин 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол «Оливия» ЖШС-нің заңгері Е.В. Кантер-Скрипкинаның Қарағанды қаласында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша конкурстардың қорытындыларын жою туралы аталған Серіктестіктің талап-арыздарын қанағаттандырғаны үшін бірінші және апелляциялық сот инстанцияларының судьяларына 8 млн теңге мөлшерінде пара беру бойынша алаяқтық және арандатушылық жасады, - делінген хабарламада.

«Оливия» ЖШС-нің заңгері Е.В. Кантер-Скрипкина пара беруге әрекет жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


Өзгелердің жаңалығы