Қарағанды облысында Nur Otan партиясы жанындағы Қоғамдық кеңестер жұмыс істей бастайды

4 Мамыр 2021, 23:44
1359
Бөлісу:
Қарағанды облысында Nur Otan партиясы жанындағы Қоғамдық кеңестер жұмыс істей бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында Nur Otan партиясы жанындағы Қоғамдық кеңестер жұмыс істей бастайды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейту, сондай-ақ маңызды әлеуметтік мәселелерді жоспарлы түрде шешу міндеттері Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының кезекті XXXV есеп беру-сайлау партия конференциясына қойылды.

Эпидемиологиялық шектеулерге байланысты отырыс онлайн форматта өтті. Конференцияны Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір әкімі Жеңіс Қасымбек ашып, өткізді.

Соңғы жылдар біз үшін жұмыс қабілеттілігіміз бен кәсібилігімізді тексеруге айналды. Пандемияға қарамастан, біз ауқымды саяси оқиғалардың қатысушылары болдық. Бүкіл ел бойынша өткізілетін жалпы партиялық праймериздер жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Бүгінде адамдар еліміздің қоғамдық және саяси өміріне белсенді қатысқысы келеді, – деп атап өтті өңір басшысы.
Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова партия өткен жылдары не істегенін және жақын болашаққа жоспарлары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, праймериз ең бастысы – бәсекеге қабілетті және ашық негізде бүкілхалықтық сенімге лайық депутаттар корпусын қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Енді тоқсан сайын халық қалаулылары тұрғындарды қоғамдық қабылдауларда қабылдайды.

Облыста партияның 23 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Соңғы екі жылда азаматтардан қандай да бір мәселелерді шешуге 18 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Өтініштер негізінен әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық мәселелерге қатысты.

Облыстық деңгейде 10 Қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болады. Олардың әрқайсысы партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бағытымен айналысады. Аумақтық деңгейлерде осындай 108 кеңес болады.

Сондай-ақ Қадиша Оспанова партияластарына жастармен жұмысты күшейту туралы тапсырма берді.

Жасотандықтар «Жастар Отанға» Жол картасын жүзеге асыру аясында облыс жастарын біріктіретін және жұмыс әдістері мен нысандарын үнемі жетілдіріп отыратын орталыққа айналуы тиіс, – деп атап өтті ол.
Филиал ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында көптеген іс-шараларды жоспарлап отыр. Бұл барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының халықпен жедел кездесулері, «30 игі іс» қайырымдылық марафоны, сондай-ақ конкурстар, акциялар, ардагерлермен кездесулер және тағы басқалар.

Конференция барысында Саяси кеңес, саяси кеңес бюросы және партияның Қарағанды облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясы мүшелерінің сайлауы өтті.

Бүгін біз өңірлік партия ұйымының негізгі бағыттарын, болашақ мақсаттарымыз бен міндеттерімізді айқындадық. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу, олардың қажеттіліктерін ескеру, өзекті мәселелерді шешу және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау қажет, – деп түйіндеді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.


Өзгелердің жаңалығы