Қарағанды облысында қысқы ҰБТ қорытындысы шығарылды

4 Ақпан 2021, 08:45
1350
Бөлісу:
Қарағанды облысында қысқы ҰБТ қорытындысы шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында қысқы ҰБТ қорытындысы шығарылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

100 және одан жоғары балды 120 түлек жинады, бұл жалпы санның 2,2%-ын құрады. Ең жоғары балл жинаған (мүмкін болған 140 балдан): қарағандылықтар – 130 балл, нұралықтар – 126 және балқаштықтар – 127 балл.

Тестілеу 13 пункт базасында 11 күн аралығында (20-30 қаңтар) өтті, оған 6 017 түлек қатысты. Қарағанды облысының білім басқармасында нақтылағандай, 196 түлек ҰБТ-ға келмеген, оның 43-і ауруы бойынша (байланыста болған адамдар), 153-і ҰБТ-дан бас тарту себебінен. Заң бұзушылыққа байланысты 10 түлек тестілеуден шеттетілді.

6 017 түлектің 3 802-сі қазақ тілінде, 2 205-і орыс тілінде және 10-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Барлық тестілеу пункттерінде санитарлық нормалар сақталды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары мен жергілікті полиция қызметкерлері кезекшілік етті.

Өзгелердің жаңалығы