Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыстағы ең ірі кәсіпорын «АрселоМиттал Теміртау» компаниясының он мыңнан астам қызметкері КВИ-ге қарсы екпе алған. Қызметкерлерді вакцинациялау қолайлы болуы үшін комбинат аумағында бірнеше егу пункті ұйымдастырылды.
Вакцина жалпы халыққа бірдей қолжетімді болған уақытта компания басшылығының шешімімен қызметкерлерді вакцинациялау және ол үшін барынша қолайлы жағдай жасау үшін комбинаттың аумағында екпе салу бөлімдері ұйымдастырылды. Кәсіпорындағы алғашқы егу пункті автокөлік басқармасының денсаулық бекетінде ашылды. Онда металлургтер сәуір айының ортасынан бастап вакцина алуда. Бұл пункте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Биджу Наир алғашқылардың бірі болып ресейлік «Спутник V» вакцинасын алды, - дейді компанияның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі директоры Андрей Маркин.
21 сәуірден бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясының қызметкерлері үшін 3 бірдей егілу пунктінде вакцина алу мүмкіндігі жасалған. Сонымен қатар вакцинациялаумен барынша көп қызметкерді қамту үшін басқа да өндіріс орындарында егу пункттері ұйымдастырылған. Кәсіпорын аумағындағы егу пункттерінің жұмыс уақыты әлеуметтік желілер және SMS-хабарлама арқылы алдын ала ақпараттандырылады. Вакцина алу үшін қызметкерлерде өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет. Аталған пунктерде тек кәсіпорын қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ, мердігер ұйымдардың жұмыскерлері және олардың отбасы мүшелері де вакцина ала алады.
25 маусымдағы мәлімет бойынша компанияның 10 мыңнан аса қызметкері КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілген. 4000-нан астам адам вакцинаның екі дозасын да алған. Қазіргі уақытта қызметкерлерді коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алуға шақыру бойынша профилактикалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Семинарлар өткізіп, вакцинаның маңыздылығын қызметкерлерге түсіндіреміз. Вакцина алушылардың қатары өсіп келеді, - дейді А.Маркин.
Оның айтуынша, алдағы уақытта компанияның барлық қызметкерінің 70 пайызын вакцинациялау жоспарлануда.