Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ер адам 5 жасар баланың ұялы телефонын тартып алды, деп хабарлады Polisia.kz.
9 қарашада Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің 32 жастағы тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйел 5 жасар баласын сөмкемен көшеде қалдырып, дүкенге кіріп кеткенін айтты. Осы кезде белгісіз ер адам балаға жақындап, сөмкесінен ұялы телефонын алып, ізін суытқан.
Полицейлер күдікті 36 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты зат – жәбірленушінің ұялы телефоны алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.