Қарағанды облысында 8 айда 29 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылды

10 Қыркүйек 2019, 11:22
1743
Бөлісу:
Қарағанды облысында 8 айда 29 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар нәтижелерін беруде. Жыл басынан бері өңірде түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша 29 455 жұмыс орны ашылды. Болжам бойынша, жыл соңына дейін бұл сан тағы төрт мыңға өседі, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа жұмыс орындары мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша медициналық мекемелерді және Шет ауданында күн электр станциясын ашу есебінен пайда болады. Сонымен қатар ізденушілер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыс саласында жұмыс істей алады. Жақында өңірде білім беру саласында - жекеменшік балабақшалар мен қосымша білім беру мекемелері бос жұмыс орындары құрылады.

«Еңбек» бағдарламасы аймақтың 7 000-нан астам тұрғындарына көмектесті. Оған әр түрлі саладағы мамандар, сондай-ақ жастар тәжірибесіне жіберілген ЖОО мен колледждердің түлектері қатысты. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бес мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Өнеркәсіп саласында 4 960 жұмыс орындар құрылды. 3 275 адам аграрлық секторда жұмыс тапты. Бұл шағын несие түрінде қолдау көрсетудің арқасында мүмкін болып отыр. Ауыл кәсіпкерлері стартаптарды жүзеге асырып, өз бизнесін кеңейтуде. Әсем Жүніспекованың айтуынша, ауыл тұрғындары ірі қара мал мен құстарды өсіреді», -делінген таратылған ақпаратта.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында IT-салада тағы 100 бос жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамтуға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға да қолдау көрсетіледі. Оларға жұмыс тауып, не болмаса тегін кәсіпкерлік курстарына жібереді, ол аяқталғаннан кейін өз ісін ашуға грант немесе шағын несие алуға болады. 



Өзгелердің жаңалығы