Қарағанды облысында 7 ұрлыққа қатысы бар әйел қамауға алынды

10 Қыркүйек 2021, 01:43
3370
Бөлісу:
Қарағанды облысында 7 ұрлыққа қатысы бар әйел қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жеті ұрлыққа қатысы бар әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

9 мамырда Қарағанды облысы Абай ауданының полиция бөліміне 44 жастағы тұрғыннан арыз түсті. Белгісіз біреу жеке үйге кіріп, алтын және күміс әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен. Келтірілген залал көлемі 500 мың теңгені құрайды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

6 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 32 жастағы әйелді ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты зат тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас жеті қылмысқа қатыстылығын анықтады.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Өзгелердің жаңалығы