Қарағанды облысында 3521 отбасы АӘК алды

5 Тамыз 2021, 20:10
3152
Бөлісу:
Қарағанды облысында 3521 отбасы АӘК алды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау білдіру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінгі күні 3521 отбасы 638 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды.
 

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1 жастан 6 жасқа дейінгі 3967 балаға тағайындалған. Мемлекет басшысының табысы аз отбасыларды дәрі-дәрмекпен және алғашқы медициналық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша тапсырмасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға жыл басынан бері 2566 медициналық қобдиша табысталды. Сонымен бірге, «Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін ұсынды.

Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға тең мүмкіндіктер жасаудың маңыздылығын атап өткен. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралардың бірі – мүгедек адамдардың әлеуметтік қызметтер порталын енгізу болып табылады. Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жүйесі болып табылады. Портал алты процестің бесеуін цифрландыруды көздейді. Бұлар – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету, жеке көмекшінің, санаторий-курорттық емдеудің қызметтеріне жүгіну, - дейді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлеу Мұхтар. 

1 тамыздағы жағдай бойынша портал арқылы оңалтудың техникалық құралдары мен қызмет көрсетуге 19 335 тапсырыс беріліп, олардың 14 328-і орындалды.

 

Қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінде электрондық цифрлық қолтаңба алуға, порталға кіруге, тапсырысты жүзеге асыруға, актілерді одан әрі қалыптастыруға, жәрдемдесуге мамандар бекітілген. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар. Сонымен қатар, ақпараттық түсіндіру жұмыстары порталдың жұмыс жасау бөлігінде жүргізіледі. 2021 жылы шілде айынан бастап облыс тұрғындары біріңғай call-орталық 1414-ке қоңырау шалып, портал бойынша сұрақтарға жауап алуына болады, - деді Төлеу Мұхтар.
 


 

 




 

Өзгелердің жаңалығы