Қарағанды облысында 123 мыңнан астам адам вакцина алды

5 Мамыр 2021, 15:31
1590
Бөлісу:
Қарағанды облысында 123 мыңнан астам адам вакцина алды
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ. KZ тілшісі. Бүгінгі таңда облыс бойынша 123 671 адам вакцинаның І компонентімен, 21 904 адам екінші компонентімен егілген. Отандық «QAZ-VАС» вакцинасын 1 630 адам алған. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Вакцинациялауды қолжетімді ету мақсатында аймақта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Облыс бойынша медицина мекемелері жанынан ашылған 115 екпе орталығы жұмыс істеп тұр.

Қарағанды облысында 123 мыңнан астам адам вакцина алды

Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны жалғасуда. Облыс бойынша 115 екпе орталығы ашылып, 99 медициналық мұздатқыш сатып алынды. Вакцинаны өңірлерге жеткізу жолдары ұйымдастырылған. Екпені тасымалдау үшін 115 термоконтейнер сатып алынды. Бүгінгі таңда облысқа «QAZ-VAС» отандық вакцинасының 4000 және «Sinovac» вакцинасының 7000 дозасы жеткізілген,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқарамасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлегенова.
Қарағанды облысында 123 мыңнан астам адам вакцина алды

Басқарма өкілінің айтуынша, мамыр мерекелерінде саябақтарда жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істеп, тұрғындарға вакцина салу бойынша қызмет көрсететін болады.

Вакцинацияны мүмкіндігінше қолжетімді ету үшін мамыр мерекелерінде ірі қалалардың саябақтарында жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істейді. Сондай-ақ, адамдарға ыңғайлы болу үшін сегіз ірі сауда үйінде екпе кабинеттері ашылған. Зейнеткерлерге медициналық қызмет көрсету үшін мобильді бригадалардың жұмысы қолға алынды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкердерін иммундау барысы қарқынды жүргізілуде. Жұмыскерлерге еңбек ететін орындарында вакцина салынады,- дейді Бибігүл Төлегенова.
Қарағанды облысында 123 мыңнан астам адам вакцина алды

Еске салайық, қазіргі таңда Қарағанды облысы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймақта». Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аймақта күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырудың 200-250 жағдайы анықталуда. Пандемия басталғалы бері облыста 24 мыңнан астам адам КВИ жұқтырған. Облыстағы инфекциялық медицина мекемелерінде 4819 жатын орын бар. Бүгінгі таңда оның 1667 төсек орын қолданыста. Жансақтау бөлімдерінде 80 науқас емделіп, 16 емделуші өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Өзгелердің жаңалығы