Қарағанды облысында 1200-ден астам азамат әскерге шақырту алады

20 Сәуір 2021, 09:22
2360
Бөлісу:
Қарағанды облысында 1200-ден астам азамат әскерге шақырту алады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына қабылдау басталды. Қарағанды облысынан көктемгі шақырту науқанында 1200 азамат әскер қатарына алынады деп жоспарланып отыр. Бұл жайында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшылығы мәлімдеді.

Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде ҚР Қарулы Күштерінің қатарына қабылданатын әскери командаларды жасақтау жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің Шымкент, Ақтау қалаларындағы әскери бөлімдерге және Гвардиялық гарнизонға командалар жасақталып, аттанып та үлгерді 

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша Қарулы Күштердің қатарына 300-ден астам азамат шақырту алды. 2021 жылдың маусым айының соңына дейін 1200-ден астам адам шақырту алады деп жоспарланып отыр,- дейді департамент басшысының орынбасары, жинақтау басқармасының басшысы подполковник Рустам Жалбинов. 

Қарағанды облысында 1200-ден астам азамат әскерге шақырту алады

Оның айтуынша, бүгінгі таңда әскерге шақырту алған ұландар Талдықорған, Аягөз, Қапшағай және Семей гарнизондарынада әскери борышын өтеуге аттануға дайындық үстінде. 

Әскер қатарына қабылдауға және іріктеуге байланысты рәсімдер ашықтық ұстанымын сақтаумен жүзеге асырылуда. Әскерге шақырылушы мен оның отбасы мүшелері тұрғылықты жеріндегі Қорғаныс істері басқармасы мен бөлімдеріндегі шақырту комиссияларында кеңес ала алады,- дейді подполковник Рустам Жалбинов. 

Отан алдындағы борышын өтеуге шақырту алғандарды әскери бөлімдерге іріктеуде ұландардың шақыртуға дейінгі мамандығы есепке алынатын болады. 

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты көктемгі шақырту науқанында әскерге шақырылушылар ПТР тестілеуден екі рет өтетін болады. Алдымен шақырту кезіндегі жиналу орнында және ұландар әскери бөлімге жеткен кезде.

Өзгелердің жаңалығы