Қарағанды облысы санэпидбақылау департаментінің басшысы ауысты

11 Қаңтар 2021, 19:00
1757
Бөлісу:
Қарағанды облысы санэпидбақылау департаментінің басшысы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып Юрий Залыгин тағайындалды. Ведомство басшысын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте таныстырды.

Юрий Залыгиннің екі жоғары білімі бар. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "гигиенист-эпидемиолог дәрігер" мамандығы бойынша, Қазақстан-Ресей университетін "экономика бакалавры" біліктілігі бойынша бітірген.

Санитарлық қызметте 2001 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді. Жезқазған мен Теміртауда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасын, Жезқазған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасын басқарды. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау, қоғамдық денсаулық сақтау, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері басшысының орынбасары болды. 

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Жеңіс Қасымбек маңызды міндеттер өңірдегі тұрақты эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау, азаматтардың денсаулық сақтау және санитарлық әл-ауқат құқығын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы