Қарабалық ауданында Мұхамеджан Сералинге арналған стелла ашылды

11 Қараша 2021, 15:53
1660
Бөлісу:
Қарабалық ауданында Мұхамеджан Сералинге арналған стелла ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылында педагог, ақын, журналист-жазушы Мұхамеджан Сералинге арналған естелік стелланың ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қарабалық ауданының әкімі Руслан Халықов, облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәния Кабулова қатысып, сөз сөйледі. 

Қарабалық ауданында Мұхамеджан Сералинге арналған стелла ашылды

Стелланы еңбек ардагерлері Ердәулет Ибраев пен Владимир Максименко ашты. 

Іс-шара соңында аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.

Өзгелердің жаңалығы