Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысын робот таныстырды

6 Желтоқсан 2019, 21:20
7994
Бөлісу:
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысын робот таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Antikor ortalyǵy" орталықтары ашылуда. Бұл жерде кез келген азамат өзінің мәселесі бойынша құқықтық көмек ала алады.

Сервистік орталық мемлекет басшысымен жарияланған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтарға қолайлы жағдайлар жасап, олармен жедел әрі тиімді қарым-қатынас жасауға арналған диалогтік алаңның рөлін атқарады.

Кезекті, төртінші жемқорлыққа қарсы орталық бүгін Қарағанды облысында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың және облысы әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен ашылды.

ро1.jpg

Сервистік орталықтың кіре берісінде қонақтарды соңғы үлгідегі сөйлейтін "Робот" қарсы алып, өзі еркін жүріп  "Antikor ortalyǵy" қызметімен таныстырды.   
Сервистік орталық тұтынушыға негізделген, ұйымдастырушылық мәдениеті жоғары Open-space және фронт-офис  форматында жұмыс атқарады.
Сервистік орталық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстваның барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін азаматтық қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай алаң болып табылады, - деді Алик Шпекбаев.
ро2.jpg

Қарағандының "Antikor ortalygy" екі қабаттан тұрады, бірінші қабатта ресепшн, операциялық зал (күтушілерге арналған), кеңес берушілердің бөлмелері орналасқан. Екінші қабатта пресс-орталығы, жұмыс бөлмелер және "Сарыарқа – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мамандарының бөлмелері орналасқан.
Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайлар жасалған, арнайы көтеретін  құрылғы (лифт) бар.

Сервистік орталықта азаматтық қоғам, сондай-ақ, құқық қорғау және арнайы органдармен өткен кездесуден кейін А.Шпекбаев азаматтарды қабылдау жүргізді.



Өзгелердің жаңалығы