Канвон Олимпиадасы мәресіне жетті. Қазақстан нешінші орында

1 Ақпан 2024, 18:59
699
Бөлісу:
Канвон Олимпиадасы мәресіне жетті. Қазақстан нешінші орында
PHOTO
Фото: Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы

Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Youth Olympic Park спорт кешенінде ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің көк Туын Берік Боранбаев пен Мерей Тастемір ұстап шықты.

Канвон Олимпиадасы мәресіне жетті. Қазақстан нешінші орында

Жасөспірімдердің ақ қар, көк мұз үстіндегі аламанында Қазақстан құрамасының 41 өкілі 5 спорт түрінің 9 бағдарламасы бойынша бақ сынады. 

Канвон Олимпиадасы мәресіне жетті. Қазақстан нешінші орында

Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 1 алтын, 2 қола медаль олжалап, Жасөспірімдер Олимпиадасы тарихындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Нәтижесінде жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте 20-орынға ие болды. Канвон төріндегі Олимпиадада шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных 214 ұпай жинап, Қазақстан құрамасының қоржынына Жасөпірімдер Олимпиадасы тарихындағы алғашқы алтынды сыйласа, шорт-трекші Полина Омельчук пен шайбалы хоккейден (3×3) ұлттық құрама ойыншылары қола жүлдегер атанды. 

Канвон Олимпиадасы мәресіне жетті. Қазақстан нешінші орында

Хоккейшілеріміз қола жүлде үшін өткен тартысты матчта Аустрия құрамасынан 6:5 есебімен басым түсті. 

Канвонда алауы тұтанған Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының жас атлеттері Корея жеріндегі байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлерді жүлделермен қуантты. Ұлттық құраманың болашақ ізбасарлары Канвонда 1 алтын, 2 қола медаль олжалап, Жасөспірімдер Олимпиадасында бұрын-соңды болмаған тарихи нәтиже көрсетті. Осындай тамаша жетістікке қол жеткізген жас атлеттерімізді Олимпиаданы сәтті аяқтауымен шын жүректен құттықтаймын. Барлық спортшымыз алдағы уақытта өздеріне қажет болатын құнды тәжірибе жинап қайтты деп ойлаймын, - деді Ермек Маржықпаев. 

Канвон Олимпиадасы мәресіне жетті. Қазақстан нешінші орында

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан спортшылары үш қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысып, 5 медаль жеңіп алған болатын. 

2012 жылғы Инсбруктегі (Аустрия) Олимпиадада отандастарымыз 1 күміс, 2 қола олжаласа, Лиллехаммерде (Норвегия) екі қоламен шектелген еді. Осыдан 4 жыл бұрын Лозаннада (Швейцария) өткен ойындарда өкінішке қарай, құрама қоржыны бос қайтты.

Өзгелердің жаңалығы