Қант балалардың есте сақтау қабілетіне қалай әсер етеді

4 Сәуір 2021, 14:55
1428
Бөлісу:
Қант балалардың есте сақтау қабілетіне қалай әсер етеді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Американдық ғалымдар жүргізген зерттеудің нәтижесінде  қанттың баланың жадына теріс әсер ететіні белгілі болды. 

Олар зертханалық тышқандарда жүргізілген эксперимент нәтижесінде осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Science Daily порталы. 

Жануарлар екі топқа бөлінді. Бір топқа үнемі тәтті сусын беріп отырды. Кейіннен олардан есте сақтау үшін жауап беретін ми аймағында гиппокамптың дисфункциясының бұзылғандығын анықтады. Бұған ішектегі Parabacteroides бактерияларының көбеюі әсер етті. Кейін оны қантты пайдаланбаған тышқандардың денесіне енгізгеннен кейін, ол тышқандарда да есте сақтау қабілетінің нашарлауы анықталды. 

Зерттеу авторлары оның нәтижелері адамдарға да қолданылатынына сенімді. Болашақта олар ішектен миға сигнал беру жұмысы қалай істейтінін анықтау үшін зерттеулерін жалғастыруға ниетті.
 

 



Өзгелердің жаңалығы