Кандидаттардың үгіт-насихат жүргізуіне қанша ақша бөлінеді?

22 Қазан 2022, 10:50
1968
Бөлісу:
Кандидаттардың үгіт-насихат жүргізуіне қанша ақша бөлінеді?

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды штабтары үшін оқыту семинар болып өтті,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Семинарға 20 қараша Қазақстанның Президенттігіне кандидаттардың өкілдері қатысты. Күні кеше 18:00 ден бастап кандидаттардың штабтары өз
жұмыстарын бастаған. Отырыс барысында кандидаттардың үгіт-насихат жүргізу үшін мемлекеттен қанша ақша бөлінеді,қандай талаптар бар екені сөз болды.

Орталық Сайлау комиссиясының 28 қыркүйекте қабылданған қаулысымен кандидаттардың сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары үшін шығыс сайлаулды бағдарламамен БАҚ-да сөж сөйлеу- 9  012 600 теңгені, кездесулер мен аггитациялық материалдар үшін -800 мың теңге, жол жүру шығындары- 500 мың теңгені құрайды. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана берiледi. Сайлау комиссиясының қорындағы ақша 6 бағыт бойынша жұмсалады. 
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу
2. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары(дебаттар, кездесулер т.б.)
3. Аудио-визуалды үгіт насихат материалдарын таратуға, шығаруға
4. Үгіт-насихат жүргізу барысында заңды және жеке тұлғалық қызметтерге
5. Кандидаттың жол жүру, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына мамандарға еңбек ақы төлеуге;
6. Сайлау компаниясының тегін тарату үшін үгіт-насихат құралдары (значок,футболка т.б.)
Сайлау комиссиясының қорынан жұмсалған әрбір ақша үшін кемінде айына екі рет есеп тапсырылады.
Кандидаттың, - деді Сабина Мұстафина.

Өзгелердің жаңалығы