Алматы, BAQ.KZ. Канадада Bombardier Dash 8 жолаушылар ұшағы әуеге көтерілер кезде доңғалағы жұлынып кетіп, апатты жағдайда қонды.
CBC телеарнасының мәліметінше, Монреалдан Сагенейге ұшатын рейсте апатты жағдай орын алған. Әуе кемесі ұшар кезде лайнердің сол жақ доңғалағы жұлынып кеткен, оны жолаушылардың бірі видоға түсіріп алыпты.Air Canada әуекомпаниясына тиесілі ұшақ көкке көтерілген соң аэродром аумағын он шақты рет айналып барып қонуға бет алған. Ол уақытқа дейін қону алаңына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі келіп үлгерген.
Алайда ұшқыштар әуекемесін еш қиындықсыз қондыра білген. Ұшақтағы 52 жолаушы мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген.
Bon bah là j’suis actuellement dans un avion qui vient de perdre une roue...
2020 commence plutôt bien