Канадада 2 мектеп автобусы жол апатына түсіп, өртеніп кетті

24 Шілде 2019, 11:40
1626
Бөлісу:
Канадада 2 мектеп автобусы жол апатына түсіп, өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 шілдеде Канадада екі балалар автобусы жол апатына түсіп, 69 бала зардап шекті. Бұл туралы CBC News жазды. 

Жол-көлік оқиғасы Монреальдан 40 шақырым жерде болды. Мектеп автобусы 7-12 жас аралығындағы балаларды Броссардтағы жазғы лагерьден әкеле жатқан көрінеді.   

Балалардың ешқайсысы ауыр жарақат алмаған, дегенмен сақтық шаралары ретінде олардың барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді. 

Канадалық полицияның айтуынша, автобустардың алдында келе жатқан автокөлік бірден тоқтап қалған. Соның салдарынан автобустар бір-біріне соқтығысып, өрт шыққан. Балалар дереу эвакуацияланған.
 

Өзгелердің жаңалығы