Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тыйым тек дипломаттар, шетелдік студенттер, маусымдық қызметкерлердің кейбір санаттары мен Канада азаматтарының жақын туыстарын айналып өтпек. Шетелдік азаматтардың Канадаға кіруіне кем дегенде 31 шілдеге дейін тыйым салынады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Канада Шекара қызметі агенттігінің өкілі Ребекки Пурдидің айтуынша, Канадаға шетел азаматтарының келуіне тыйым салу кем дегенде 31 шілдеге дейін "қоғамдық денсаулықты қорғау тұрғысынан" ұзартылды.
Елімізде бұл шектеу 16 наурызда коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес аясында енгізілді, - деді ол.
Сондай-ақ, Канада билігі 31 тамызға дейін елге кірушілер үшін өзін-өзі оқшаулау бойынша қатаң талаптардың қолданылуын ұзартады. Карантинді бұзғандар 750 мың канадалық долларға дейін (551,5 мың АҚШ доллары) айыппұл төлеуі немесе алты айлық түрмеге отыруы мүмкін. Егер өзін-өзі оқшаулауды бұзу басқа адамның өміріне қауіп төндірсе, айыппұл миллион канадалық долларға дейін жетіп (735,4 мың АҚШ доллары), үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.