Камераның көмегімен мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды

25 Қазан 2021, 13:03
6832
Бөлісу:
Камераның көмегімен мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Осы жылдың тамыз айында Қосшы қаласында бейнекамераның көмегімен мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды. 61 жастағы әйел белгісіз біреулер терезеден кіріп, 338 мың теңге көлеміндегі қаражатты, сондай-ақ жеке заттарын ұрлап кеткенін хабарлады. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынының қылмысқа қатысы бар екені анықталды, - деді Сәрсенов.

Сондай-ақ Сәрсенов түнгі он бір жарымда Петропавл тұрғыны қонақтан қайтып келе жатып телефонмен сөйлескен, осы кезде белгісіз біреу телефонды қолынан жұлып алып, мопедке отырып, сыбайласымен бірге қашып кеткенін айтты.

Жәбірленуші қылмыскерлердің түрін көріп үлгермесе де, оларды бейнебақылау камералары «байқап» қалған. Департамент аумағында скутер мен мопедтерді пайдаланатын күдіктілер тез анықталды. Таңертең 18 және 15 жастағы екі азамат ұсталды. Ұрланған зат тәркіленді, - деді ол.

Ол атағандай, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстарды талдау олардың 2019 жылы 14%-ға, 2020 жылы – 51%-ға және 2021 жылдың 9 айында 29,8%-ға төмендеуін көрсетті.

Барлық аулада, сауда орталықтарында, алаңдарда, мектептерде, балабақшаларда, спорт кешендерінде камералар орнатылған. Қазір біз әрбір камераны Жедел басқару орталықтарына шығаруды көздеп отырмыз.Жаппай бейнебақылау жобасы белсенді түрде дамитын болады. Біз 100 тұрғынға 15 бейнебақылау камера келетін халықаралық тәжірибені зерттедік, осы көрсткішке жету үшін республика бойынша шамамен 2 миллион 795 мың бейнекамера қажет, - деді Сәкен Сәрсенов.


Өзгелердің жаңалығы