Кәмелетке толмағандарға көрсетілетін жыныстық қылмыс саны өскен

1 Сәуір 2021, 14:57
1674
Бөлісу:
Кәмелетке толмағандарға көрсетілетін жыныстық қылмыс саны өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша ІІО қабылдап жатқан шаралар туралы өткен брифингте айтты.

Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың таныстары тарапынан көрсетілетіні айтарлықтай проблема болып отыр. Кәмелетке толмағандарға көрсетілетін жыныстық қылмыс саны 4,8 пайызға өскен. Полицияның белсенді жұмысы өткен жылы осыған дейінгі тіркелген істердің үштен бірін ашты. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық деректерін полиция қызметкерлері денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірігіп, ерте жүктілік бойынша анықтады, - деді Милюк. 

Ол атағандай, қазіргі таңда полиция органдарында 7 мың әлеуметтік әлжуаз отбасының 5 мыңнан астам баласы есепте тұр. 

Оларда 11 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл сайын ата-аналар немесе заңдық тұлғалардың тарапынан бала тәрбиесі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 5 мыңнан астам ата-ана тартылып, мыңнан астамы бала тәрбиелеу құқығынан айырылады, - деді ол. 

Милюктің сөзінше, кәмелетке толмағандарға жыныстық қылмыс көрсеткендерге қатысты жазалау 12 жылдан өмір бойына ұзартылды. 

Бұған дейін ол қылмыс саны 4,7 пайызға артқанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы