Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың саны артты

1 Маусым 2021, 10:51
3577
Бөлісу:
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. 

Оның айтуынша, балалар қауіпсіздігі Ішкі істер органдарының басты назарында. 

Ең алдымен заңға өзгерістер енгізілді. Балаларға қатысты сексуалдық қылмыс үшін жауапкершілік күшейтілді. Зорлау, зорлық-зомбылық ауыр қылмыс санатына ауыстырлды. Бұл бапта екі тараптың татуласуына жол берілмейді және мерзімінен бұрын босатылмайды. Қабылданған шаралар нәтижесінде соңғы бес жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың саны 30 пайызға қысқартылды. Профилактикалық шараларды күшейту үшін бірінші кезекте кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімдерінің штаттық саны көбейді. Енді мұндай лауазымды тұлғалар әрбір қала мен аудандарда бар.Олар еліміздегі қолайсыз отбасы мен бала асырап алған отбасыларды бақылап отырады, - деді ол.
Министр келтірген мәліметке сүйенсек, жыл сайын баласына қарамаған бес мың ата-ана жауапкершілікке тартылады. Мың ата-ана құқынан айыралады. 

Қараусыз қалған 108 бала терезеден құлап, 18-і қайтыс болды. Кәмелетке толмаған 449 бала өзіне-өзі қол жұмсап, оның 143-і қайтыс болды. 183 бала жол апатынан көз жұмды.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тек полицияның күшімен жағдайды жақсарту мүмкін емес. Ата-ана, білім беру және құқық қорғау органдары бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеулері керек


Өзгелердің жаңалығы