Кәмелетке толмаған 2 қызды жезөкшелікке тартқан әйел құрықталды

Кәмелетке толмаған 2 қызды жезөкшелікке тартқан әйел құрықталды
VIDEO
375

Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйелді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті Kyzdar.net сайты арқылы қыздардың қызметін Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ұсынып, оларды жезөкшелікке тартқан. 

Әйел мұндай әрекеттері үшін сыйақы алып отырған.   

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 134-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Тиісті сот – медициналық сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының АМІЖ аға жедел уәкілі Мұхан Болатхан.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: tengrinews.kz
Өзгелердің жаңалығы