Камбоджада COVID-19-дың алғашқы жағдайы тіркелді

30 Қараша 2020, 17:50
1139
Бөлісу:
Камбоджада COVID-19-дың алғашқы жағдайы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл елде коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы жағдайлары, бұрын патшалықта тек сырттан келген жағдайлар тіркелген болатын.

Камбоджада коронавирустық инфекцияның алғашқы 14 жағдайы анықталды. Бұл туралы үкіметтің премьер-министрі Хун Сен дүйсенбіде хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі.

Айта кетейік, бұл елде коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайлары, бұрын патшалықта тек сырттан келген инфекциялар тіркелген еді.

Камбоджа аумағында коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайлары ел астанасы Пномпенде және солтүстік-батыста орналасқан Сиемреап провинциясында табылды. Қазір осы өңірлерде соңғы тәулікте COVID-19-ға қарсы жүргізілген 2 248 тест нәтижесінде вирус жұқтырғандар саны 14-ке жетті, - деді Үкімет басшысы.

Хун Сен вирус жұқтырғандармен байланыста болған барлық адам үйде немесе карантин орталықтарында 14 күндік карантиннен өтуі керек екенін атап өтті.

Ол жергілікті билік органдарына елде COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы шұғыл шаралар қабылдауға рұқсат берді.

Егер біз коронавирусты уақтылы ауыздықтамасақ, бұл Камбоджа үшін апат болады, - деді Хун Сен.
Өзгелердің жаңалығы