Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Камбоджа Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынбақ

1 Тамыз 2025, 22:39
641
Бөлісу:
 ашық дереккөз / euronews.com
Фото: ашық дереккөз / euronews.com

Бұл туралы Камбоджаның вице-премьері жұма күні мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Трамптың Таиландпен арада жуырда туындаған шекаралық дауды тоқтатуға тікелей араласуы елеулі үлес қосқан.

Камбоджаның Трампты Нобель сыйлығына ұсыну ниеті жайлы сұраққа жауап берген вице-премьер Сун Чантол SMS арқылы қысқа ғана: "иә" деп растаған.

Пномпеньде журналистерге сөйлеген сөзінде Чантол Трампқа алғысын білдіріп, оның екі ел арасындағы бейбітшілік орнатудағы рөлін жоғары бағалады. Вице-премьердің айтуынша, Трамп "халықтар арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге" сіңірген еңбегі үшін әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі саналатын бұл сыйлыққа әбден лайық екенін алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Пәкістан үкіметі де АҚШ президентін 2026 жылғы Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынған. 

Өзгелердің жаңалығы