Қалқанша безі ағзаның барлық жүйесіне тікелей әсер етеді – дәрігер

25 Мамыр 2021, 12:05
4493
Бөлісу:
Қалқанша безі ағзаның барлық жүйесіне тікелей әсер етеді – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Дүниежүзілік қалқанша безі күніне арналған пресс-конференция барысында медицина ғылымдарының кандидаты, MD PhD, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, эндокринология курсының жетекшісі Лаура Даниярова айтты.

Маман қалқанша безінің ағзаның барлық жүйесіне тікелей әсер ететінін жеткізді.

Бұл дегеніңіз, жоғары жүйке қызметі, орталық перифериялық жүйке жүйесі, жүрек-қан тамырлары, асқазан-ішек жолдары, әйелдер мен ерлердің репродуктивті жүйесі, көмірсулар, майлар мен ақуыздар метаболизмі, көңіл-күй. Жалпы алғанда, ағзада қалқанша безі рецепторлары болмайтын тін жоқ деуге болады. Егер қанқанша безі шектен тыс белсенді жұмыс істейтін болса, бөліп шығаратын гармондар көлемі тым артып кетсе, онда метаболизм процесі жылдам жүреді. Бұл клиникалық түрде қалай көрініс табады? Жүректің жиі қағуы, жүйке жүйесінің өзгеруі, себепсіз ашу шақыру, көңілшектік күйінде көрінуі мүмкін. Ал, репродуктивті жүйеде қалай байқалатынына келер болсақ, жатырдың дисфункционалды қансырауы, бедеулік, менструальді циклдің бұзылуы, түсік тастау және т.б. себептер түрінде байқалады, - деді маман.

Лаура Бақытжанқызының айтуынша, қалқанша безі дертінің кейде өзге аурулардың көлеңкесінде жүріп, «маска» киіп алатын кездері де болады.

Қалқанша безінің гипофункциясына (гармондар деңгейінің едәуір төмендігі) тоқталсақ. Мұндағы диагностика күрделірек. Қалқанша безі функциясы төмендеген кезде, тұтас полиорганды симптомдар комплексі шығарылады. Мұндай жағдайда қалқанша безі ауруы (гипотиреоз) өзге аурулардың көлеңкесінде жүріп, «маска» киіп алатын кездері де болады. «Гипотиреоз маскасы» деген термин де бар. Кейде мұндай дерті бар пациенттер мүлдем басқа дәрігердің, кардиологтың, неврологтың, гинекологтың қарауында жүруі мүмкін. Ал негізгі себеп осы гипотиреозда жатады, - дед ол.

Дәрігер бұл дертке көбіне балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер және зейнет жасындағы адамдар көп шалдығатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы