Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та Калифорния билігі үйлеріне табиғи өрт қауіп төндірген ондаған мың тұрғынды эвакуациялауға бұйрық берді. Бұл туралы губернатор Гэвин Ньюсом мәлімдеді, деп жазды ТАСС.
Оның айтуынша, 119 мың азаматқа жіберілген эвакуация туралы хабарламаларды байыпты қабылдау қажет. Сонымен қатар, Associated Press агенттігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 140 мыңнан асқан.
Жергілікті билік Калифорнияның солтүстігінде табиғи өрт ошақтарының саны 367-ден 560-қа дейін өскенін жеткізді. 312 мың гектар жер өртеніп кетті. Отпен күресуге 12 мыңнан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды. Мыңнан астам автокөлік, жүзден астам тікұшақ пен ұшақ тартылған, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, өрт алты адамның өмірін қиды. 18 тамыздан бастап штатта аптап ыстық пен өрт салдарынан төтенше жағдай режимі жарияланды.