Қаққан есіктердің барлығы ашылмады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегері өз оқиғасымен бөлісті

8 Желтоқсан 2021, 12:28
824
Бөлісу:
Қаққан есіктердің барлығы ашылмады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегері өз оқиғасымен  бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының бизнес бағыты бойынша жеңімпазы Динара Наумова марапаттау салтанатында айтты.

Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Лайф плюс» дене шынықтыру кабинетін ашқан.

Мен 24 жыл бойы ауыр деңгейдегі церебралды параличпен (ДЦП) өмір сүріп келемін. Әрбір қадам қиын болды. Мен қаққан есіктердің барлығы ашылмады. Алайда менің жақындарымның қолдауының арқасында өмірде барлығына жетуге болатынын дәлелдедім. Салы суға кетпеу керек. Айқын мақсат пен еңбекқорлық республикалық байқаулардың жеңімпазы етті. Бүгін «Лайф плюс» әлеуметтік жобасының авторымын. Мектепті, колледжді сәтті аяқтап, жоғары білім алдым, - деді Наумова.

Ол атағандай, мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру кабинетін ашу.

Шалғай аудандарда оңалту процесін одан да қолжетімді ете түсу қажет. Мен Президентке жастардың идеясын қолдап, мақсаттарын жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Барлық жастың атынан еліміздің Тәуелсіздігімен құттықтаймын. Отанымыз өркендей берсін, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы