Кафе официанты 13 млн теңгені қалтаға басқан

Бүгiн, 16:39
509
Бөлісу:
Кафе официанты 13 млн теңгені қалтаға басқан
Фото: BAQ.KZ - Архив

Абай облысында кәсіпкер шотынан 13 миллион теңге ұрланған. Қазірде күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кафе иесі "Kaspi Pay" шотындағы қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты полицияға жүгінген. Оның сөзінше, өткен жылдың мамырынан желтоқсан айына дейін 13 миллион теңгеден астам ақша қолды болған. Нақтырақ айтқанда, қызметкерлер кәсіпкердің шотынан тұрақты түрде өздеріне ақша аударып отырған. Ал қаражаты күдіктілер жеке мақсаттарына пайдаланғандығы анықталды. Бұл туралы Абай облыстық ПД мәлімдейді. 

Күдіктілерді жылдам анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді. Жұмысшылар өз кінәсін мойындағанымен, ұрланған қаражатты қайтару мүмкін болмады – олардың айтуынша, бүкіл сома жеке қажеттіліктеріне жұмсалған,-делінген Абай облыстық ПД хабарламасында. 

Аталған іске қатысты аса ірі көлемдегі ысырап дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрігізілуде.

Өзгелердің жаңалығы