Кадр тапшылығы. Жалақы 300 мың, бірақ көбінің келгісі жоқ...

22 Қаңтар 2023, 17:51
4842
Бөлісу:
Кадр тапшылығы. Жалақы 300 мың, бірақ көбінің келгісі жоқ...

Автобус жүргізушілерінің көпшілігі зейнеткерлікке дейінгі және зейнеткерлік жаста, сондықтан олар кез келген уақытта лайықты демалысқа шыға алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қатаң заңнамалық нормаларға байланысты  жастардың бұл салаға келгілері жоқ.

Нұрлан Сәкенов сегіз жылдан бері жүргізуші болып жұмыс істейді. Ер адамның сөзіне қарағанда жұмыс өте ерте басталады. Сағат 5.30-да ол автобусты оталдыра бастайды, жұмысы болса кешкі сағат 23:00-де аяқталады. Нұрлан, басқа жүргізушілер сияқты, күн сайын жолдағы қиындықтармен ғана емес, түсініспеушілік, кей жолаушылармен болатын қақтығыстармен де күресуге тура келеді.

Адамдар әртүрлі, біреу біздің жұмысымызды түсінеді, біреу түсінбейді. Таңертеңнен біреулер  бізге ашуланып жатады, кей кезде интервал сақталмауы мүмкін, - дейді автобус жүргізушісі Нұрлан Сәкенов.

Автобус жүргізуге көбіне егде тартқан азаматтар келеді. Нұрлан шамалас 30 жастан асқан азаматтардың үлесі 20 пайыздай, қалған сексен пайызы зейнеткер және зейнеткерлік жастағы адамдар. Мұндай жағдай біздің өңірде ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша көптеген тасымалдаушыда қалыптасқан.

Бүгінгі таңда кадрлық тапшылық бар, өйткені бүгінде Д санатын алу және автобусты басқару үшін кемінде үш жыл Д1 өтілі болуы және жасы 25-тен асуы қажет, осы себептен де  бүгінгі таңда жүргізушелірдің басым бөлігі зейнеткерлік жасқа таяп қалған адамдар, - дейді Қостанай ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрдәулет Бейсенов.

Мұндай жағдайды өзгерту үшін Қостанай облысының тасымалдаушылар қауымдастығы Көлік комитетіне қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді сұрады. Дәлірек айтсақ, еңбек өтіліне қатысты тармақты өзгерту, яғни  оны үш жылдан бір жылға дейін азайту. Шынында да, жұмысқа қабылдау кезінде жүргізушілер міндетті үш айлық тағылымдамадан өтеді, тағылымдамадан өте алмағандар шығып қалады.

Қазіргі уақытта біз жүргізушілерді қаржылай қолдауға тырысамыз. Біз оларда зейнетақы, медициналық сақтандыру бар, жалақы  300 мың теңге төлейміз, — деп түсіндірді "Компания STA" ЖШС директорының орынбасары Юрий Панасенко.

Юрий Панасенконың айтуынша, егер заңға түзетулер енгізілмесе, бір сәтте кадрлық тапшылық болып, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтап қалуы әбден мүмкін. Маршрутқа шығатын ешкім болмайды.

Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, елтоқсан айында елордадан басқа барлық өңірлерде ізденушілердің белсенділігінің төмендеуі байқалды. Мәселен, Алматы (-48%), Қарағанды (-7%), Шығыс Қазақстан (-45%) және Түркістан облыстарында (-45%) түйіндемелер саны азайды. Бұл ретте Түркістан облысы (3,3 мың) Алматы қаласы (3,4 мың) мен Астана қаласы (5,7 мың) жарияланған түйіндемелер саны бойынша көш бастады.

Желтоқсан айында білікті қызметкерлерге жоғары сұраныс байқалды, 55% немесе 58,7 мың бос жұмыс орнын ұсынушылар жұмыс іздеушілерден кәсіби біліктіліктің болуын талап етті. Алайда, бұл көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда төмен. Алдыңғы айда қажеттілік 69% немесе 63,2 мың бос жұмыс орнын құраған еді. Бұл ретте біліктілігі жоқ еңбекке сұраныстың 69%-ға немесе 19,3 мыңға өсуі байқалды, – деді Александра Молчановская.

Түркістан (15,3 мың бос жұмыс орны және 3,3 мың түйіндеме), Алматы (10,6 мың бос жұмыс орны және 1,6 мың түйіндеме) және Қарағанды облыстары (7 мың бос жұмыс орны және 1,1 мың түйіндеме) мен Алматы қаласында (10,3 мың бос жұмыс орны және 3,4 мың түйіндеме) мамандардың тапшылығы байқалды.

Желтоқсан айында білікті қызметкерлер арасында жылжымайтын мүлік агенттері (2,9 мың бос жұмыс орны), әлеуметтік қызметкерлер (1,3 мың бос жұмыс орны), күзетшілер (1,2 мың бос жұмыс орны), санитарлар (1,2 мың бос жұмыс орны), аспаздар (1,1 мың бос жұмыс орны), сондай-ақ тәрбиешілер мен олардың көмекшілері – тиісінше 1,1 мың және 851 бос жұмыс орны жоғары сұранысқа ие болды. Іздеушілер арасында негізінен автокөлік жүргізушілері, сатушылар, бухгалтерлер және заңгерлер болды.

Сұраныстың ұсыныстан жалпы басымдылығына қарамастан, желтоқсан айында вахтерлер (268 бос жұмыс орны және 561 түйіндеме), HR бизнес серіктестері (22 бос жұмыс орны және 153 түйіндеме) және дене шынықтыру мұғалімдері (106 бос жұмыс орны және 231 түйіндеме) айтарлықтай асып түсті, – деп бөлісті Александра Молчановская.

Өтініш берушілердің белсенділігі өңірлер бойынша гендерлік жағынан да әр түрлі болды. Мәселен, егер Батыс Қазақстан (69%), Атырау (65%), Ұлытау (62%) және Ақтөбе облыстарында (61%) ер адамдар өздерінің түйіндемелерін жиі орналастырса, ал қызмет көрсету саласы басым – Шымкент (59%), Астана (53%) қалалары, сондай-ақ Абай (56%) және Алматы облыстарында (53%) әйелдердің басымдылығы тіркелді.

Орналастырылған түйіндемелердің үштен біріне жуығы 16 жастан 28 жасқа дейінгі жастарға (10,8 мың түйіндеме), 42% (15,5 мың түйіндеме) – орта жастағы немесе (44 жасқа дейінгі) ізденушілерге тиесілі болды. Барлық түйіндемелердің тек 9%-ы (3,3 мың түйіндеме) зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдардан болды.

ЭЕБ мәліметтеріне сәйкес, желтоқсан айында ең көп жалақыны бас директорларға (~2,8 млн теңге), тауар жинақтаушылары (~2,4 млн теңге), терезе монтаж жасаушылар (~1,8 млн теңге) күткен, ал жұмыс берушілер тарапынан жоғары жалақы өнеркәсіп саласындағы цех бастықтарына (~832 мың теңге), бас технологтарға (~700 мың теңге), техникалық сала басшыларына (~650 мың теңге) және өнеркәсіптік альпинистерге (~650 мың теңге) ұсынылды.

Осылайша, желтоқсан айы өңірлерде де, кәсіптерде де айтарлықтай төмен ұсыныспен және кадрларға деген қажеттіліктің артуымен ерекшеленді. Бұл ретте, жыл соңы әдетте келесі жылдың басында біртіндеп қалпына келетін іскерлік белсенділіктің төмендеуімен сипатталатынын атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы