Кадр даярлауға әлеуетіміз жетеді - энергетик

28 Қыркүйек 2024, 11:00
671
Бөлісу:
Кадр даярлауға әлеуетіміз жетеді - энергетик
Фото: pixabay.com

АЭС-ке кадр даярлауға тәжірибеміз жетеді. Бұл пікірді Шәкәрім университеті техникалық физика және жылу энергетика кафедрасының оқытушысы Асқар Қасымов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кез келген салада кадр даярлау мәселесі бірінші орында тұрады. Елімізідің бірқатар университетінде ядролық физика және ядролық энергия бағыттары бойынша мамандарды дайындау жүзеге асырылады. Нақты Шәкәрім Университетін алатын болсақ, мұнда 1996 жылдан бастап Ұлттық ядролық орталықпен бірлесіп "Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар" мамандығы бойынша кадрлар даярланып келе жатыр. Сол мамандар еліміздің атомдық саласында жұмыс атқарып келеді. Олардың арасында мемлекеттік сыйлықтың иегерлері де бар. Сондықтан тәжірибе жеткілікті. Сонымен қатар, атом электр станциясын салу он жылға дейін уақыт алуы мүмкін, референдумда оң шешім қабылданған жағдайда таңданған технологияға байланысты, университеттер білім беру бағдарламаларына қажетті өзгерістер енгізеді, – деді энергетик.

Сарапшының сөзінше, АЭС көміртек шығарындыларымен қоршаған ортаны ластамайтын энергия көзі.

Еліміз 2060 жылға дейін көміртек бейтараптылыққа жетуді көздеп отыр, сондықтан осы мақсатта АЭС электр энергиясын өндірудің тиімді бір жолы болып отыр. АЭС-тегі қауіпсіздік мәселесі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) құжаттарымен реттеледі. Еліміздің барлық ядролық нысандарының жұмысы, соның ішінде жұмыс атқарып жатқан зерттеу ректорлары да бар, осы агенттіктің қадағалауында. Сондықтан радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тәжірибеміз жеткілікті, – деді Асқар Қасымов.

Өзгелердің жаңалығы