Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кабулда брондалған автокөлік жарылған кезде бір адам зардап шекті.
Ешбір ұйым бұл терактіні мойнына алмады.
Ауғанстан астанасы Кабул қаласында 25 қаңтар күні жергілікті уақытпен 07:30 шамасында Италия елшілігінің брондалған көлігі жарылды. Бұл көлік елшілік өкілдерін таситын. ТАСС хабарлауынша, оқыс оқиға салдарынан бір адам жараланған.
Көлік қолдан жасалған жарылғыш құралдың көмегімен жарылған. Қазір зардап шеккен адамның жағдайы жақсы көрінеді.
Еске салсақ, жақында Бағдадта бірден екі теракт болды. Базар маңайында лаңкестер өзін-өзі жарып жіберген болатын.