Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты

10 Сәуір 2021, 02:26
2399
Бөлісу:
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 85 жас мерейтойына орай түсірген, алайда қаламгердің өзі көріп үлгермеген соңғы сұхбатын ұсынады.

Жазушының жуырда қатысқан «Жарқын жүздесу» бағдарламасы «Qazaqstan» арнасынан 10 сәуір күні 17:00-де эфирге шығады.

Хабарға қаламгердің ұлы Арман Қабдешұлы, жазушы, сыншы Әмірхан Меңдеке, әдебиеттанушы Армиябек Сағындықұлы, ақын Алмас Ахметбек, ақын, баспагер Ғалым Қалибекұлы, ғылым докторы, профессор Ұлықпан Сыдықов пен Руда Зайкенова қатысты.

Бағдарламада 13 жасында «Абай жолын» оқыған қаламгер Мұхтар Әуезовпен кездесіп, шәкірті атанғаны жайында, 1962 жылғы ұлы көш жайындағы естеліктерімен бөлісіп, қазіргі қазақ әдебиеті мен тарихы туралы әңгімелейді.

«Ұлт алдындағы қоғамдық қызметімнің шыңы – 1962 жылғы көш деп есептеймін. Бұл туралы еңбегімнің бір саласы ретінде бұдан кейін де айтылуы керек», дейді жазушы сұхбатында.


Өзгелердің жаңалығы