Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күршімнен Алғабасқа апаратын жол жөнделетін болды, деп хабарлайды Altaynews.
Күршім ауданының тұрғындары жол азабын жылдар бойы тартып келген. Енді тоқығы жеткен Күршім – Алғабас жолына асфальт төселмек.
Жөндеу жұмыстары 19 мамырдан басталып кеткен. "Күршім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сейілбек Қалитовтың айтуынша, Күршім – Алғабас жолын жөндеу жұмыстарын "Марқакөл жолдары" ЖШС жүргізуде.
Жалпы жөндеу жұмыстарына 110 млн теңге бөлінген.