Көпбалалы отбасыларға жаңа жылдан бастап 74 мың теңгеге дейін жәрдемақы беріледі

9 Желтоқсан 2019, 13:07
5180
Бөлісу:
Көпбалалы отбасыларға жаңа жылдан бастап 74 мың теңгеге дейін жәрдемақы беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдан бастап 340 мыңнан астам отбасыға жаңа жәрдемақы тағайындалады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Көпбалалы отбасыларға жеке мемлекеттік жәрдемақы енгізу көзделген. 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға, яғни 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар жанұяларға отбасының табысына қарамастан жәрдәмақы төлеу көзделіп отыр. Біздің есебіміз бойынша, аталған жәрдемақыны жаңа жылдан 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы алатын болады.  Оның көлемі де дифференциалды. Отбасыдағы балалар санына байланысты 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін мөлшерде жаңа мемлекеттік жәрдемақы белгіленетін болады, - деді Біржан Нұрымбетов.
Ал атаулы әлеуметтік көмек қалады. Оны шын мәнінде қиын жағдайдағы, мұқтаж отбасылар алады.
Бірақ атаулы әлеуметтік көмектің біраз тетіктері өзгереді. Бірінші кезекте АӘК 6 немесе 12 айға тағайындалады. Біз 18 жыл бойы қолданған осы тәртіпке қайта көшуді ұсынып отырмыз, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы