Көпбалалы отбасыдан шыққан түлектер 5 тамыздан бастап грантқа құжат тапсыра алады

2 Тамыз 2019, 16:35
3103
Бөлісу:
Көпбалалы отбасыдан шыққан түлектер 5 тамыздан бастап грантқа құжат тапсыра алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 165 білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының сайтында жарияланды.

Аталған гранттар ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша бөлінген және Нұр-Сұлтан қаласы мектеп түлектеріне арналған (тек көп балалы отбасыларының балалары және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының балалары үшін).

Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші таңдаған жоғары білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

3) ҰБТ сертификаты (2019 жылғы маусымдағы);

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) көп балалы отбасыларының балалары және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының балалары мәртебесін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Назар аударыңыз! Құжаттар көрсетілген бес ЖОО-на тапсырылады және бұл гранттарға тек Нұр-Сұлтан қаласының түлектері ғана қатыса алады. 

Жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2023 оқу жылдарына арналған мамандықтар бөлінісінде күндізгі бөлімде оқытатын жоғары оқу орындарының тізбесі (құжаттар осы көрсетілген бес ЖОО-на тапсырылады және бұл гранттарға тек Нұр-Сұлтан қаласының түлектері ғана қатыса алады)

кесте.jpg

Естеріңізге сала кетейік, министр Асxат Аймағамбетов көпбалалы отбасыдан шыққан түлектерге 5 мың білім гранты бөлінгенін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы