Кәмелетке толмаған төрт баладан марихуана тәркіленді

30 Сәуір 2020, 18:51
1858
Бөлісу:
Кәмелетке толмаған төрт баладан марихуана тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын патрульдеу кезінде 2002 және 2003 жылы туған кәмелетке толмаған балаларды анықтап, ұстады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру барысында ұсталғандардан газет қағазына оралған бума тәркіленді, оның ішінде өзіндік иісі бар өсімдік тектес ашық жасыл түсті зат болған.

Бұдан соң көлік полицейлері олардың ата-аналары шақыртып, заңды өкілдердің және кәмелетке толмағандардың өздерінің қатысуымен аталған заттар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 7,14 гр болатын "кептірілген марихуана" есірткі заты болып шықты. Аталған факт Қостанай станциясындағы ЖПб сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша, есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша тіркелді, - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылғы 23 сәуірде Қостанай облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқықбұзушылар кінәлі деп танылып, оларға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолданып, ата-аналарының қадағалауына беру түріндегі 6 ай мерзімге пробациялық бақылау анықтай отырып, 30 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Бұған қоса, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне де қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабы (Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды.

Өзгелердің жаңалығы