Көлік карталарын қашықтықтан толтыру қызметі уақытша қолжетімді болмайды

27 Қаңтар 2019, 09:43
2473
Бөлісу:
Көлік карталарын қашықтықтан толтыру қызметі уақытша қолжетімді болмайды

Астана, BAQ.KZ. Қызмет техникалық жұмыстарға байланысты бір тәулікке ажыратылатын болады. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бүгін сағат 21:00-де «Астана LRT» ЖШС серверінде техникалық жұмыстар жүргізіле бастайды. Осыған орай 26 қаңтардағы сағат 18:00-ден 27 қаңтардағы сағат 18:00-ге дейін көлік карталарын қашықтан толтыру қызметі (Qiwi, Kaspi.kz, transcard.kz және интернет банкингтер) қолжетімді болмайды», - делінген компанияның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы