Көлік прокурорлары есірткі сататын сайттардың жұмысын тоқтатты

2 Сәуір 2019, 11:30
3088
Бөлісу:
Көлік прокурорлары есірткі сататын сайттардың жұмысын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе көлік прокуратурасы есірткі заттарын сату мен пайдалануды насихаттайтын әлеуметтік желілердегі парақшаларға қолжетімділікті шектеді. Бұл туралы Бас Прокуратураның ресми сайты хабарлады.

"Осындай талаптармен Ақтөбе қалалық сотына қадағалау органы есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын сатуды жүзеге асырылған интернет-сайттарға мониторинг нәтижелері бойынша жүгінді. Сайттар пайдаланушылар үшін қолжетімді болған және Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет еткен.  Сот шешімімен прокуратура талабы қанағаттандырылды, барлық 14 сайттың қызметі заңсыз деп танылды",  - делінген таратылған хабарламада..

 


Өзгелердің жаңалығы