Көлік полицейлері жыл басынан бері 45 мыңнан астам азаматты жауапкершілікке тартты

1 Қараша 2019, 00:21
2887
Бөлісу:
Көлік полицейлері жыл басынан бері 45 мыңнан астам азаматты жауапкершілікке тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті 9 айда атқарған жұмысын қорытындылады.

Ведомстводан хабарлағандай, жыл басынан бері Көліктегі ПД қызметкерлерінің атқарған шаралары жедел қызмет көрсету аумағында қоғамдық тәртіптің орнығып, қауіпсіздік деңгейінің көтерілуіне септігін тигізді. 2019 жылдың 9 айында департаменттің қызмет көрсету аумағында барлығы 1 589 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 918 қылмыс және 671 теріс қылық. Осы жұмыстар нәтижесінде ауыр қылмыстар саны 15,5%-ға, қылмыстың орташа түрі 15,5%-ға  төмендеген, олардың ашылуы салыстырмалы түрде  77,1-64,9%-ды  құрайды.

Мемлекет басшысының қоғам арасында тәртіпсіздікке "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру тапсырмасын жүзеге асыру барысында ұсақ бұзақылық бойынша 1 183 дерек тіркелген, оның 600-ден астамы  қоғамдық орындарды ластау бойынша. Тыйым салынған орындарда темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке 2 905 азамат, қоғамдық орындарға спирттік ішімдіктерді ішіп келу бойынша   5 000-нан астам азамат жауапкершілікке тартылған.

Ағымдағы жылдың 9 айында 45 305 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 76 млн теңгеден аса көлемде әкімшілік айыппұл өндірілді.
Өзгелердің жаңалығы